Microsoft Қазақстанда мульти аймақтық хаб ашады

694

Хаб қызметі Орталық Азия, Әзербайжан, Армения, Грузия, Моңғолия және Пәкістан елдерін қамтиды.

Microsoft Қазақстанда мульти аймақтық хаб ашады Фото: Steppe

Бұл туралы цифрлық даму министрі Бағдат Мусиннің және Microsoft-тың Қазақстандағы бас директоры Сергей Лещенкомен екіжақты кездесуі барысында белгілі болды, деп хабарлады inbusiness.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бағдат Мусиннің айтуынша, бұл Қазақстанға аймақтық ауқымда технологиялар мен озық шешімдерді тарту орталығына айналуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар шикізаттық емес технологиялық салалардың өнімдерін өндіру мен экспорттауды ынталандыру арқылы адами капиталды дамыту және ұлттық экономиканы нығайтудың драйвері бола алады.

"Қазақстанда Microsoft-тың аймақтық хабының құрылуы маңызға ие. Елдеріңізде тиісті инфрақұрылым бар. Біз қуана-қуана бірлескен жобаларды іске асырып, сіздермен жұмыс істегіміз келеді", – деді Сергей Лещенко.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу