Microsoft корпорациясы 9 мың қызметкерін жұмыстан босатпақ

120

Мұндай өзгерістер "нарықта компанияның орнын барынша тиімді ету үшін қажет.

Microsoft корпорациясы 9 мың қызметкерін жұмыстан босатпақ Фото: РБК

Microsoft корпорациясы биылғы екінші қысқарту толқынында 9 мың қызметкерін жұмыстан босатады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Еске сала кетейік, биылғы бірінші қысқарту толқыны 2025 жылғы мамырда өтті, ол кезде кемінде 6 мың қызметкер жұмыстан шығарылған. Ал маусым айында тағы 300 адам жұмыстан кетті.

Associated Press агенттігінің мәліметінше, 2024 жылы Microsoft компаниясының қызметкерлер саны шамамен 228 мың адам болған. Олардың шамамен 55 пайызы АҚШ-та жұмыс істеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу