Microsoft жүйесіндегі ақаудан Германиядағы бассейнде 15 адам хлордан уланып қалды

119

Оқиғадан кейін қонақүй бассейні уақытша жабылды.

Microsoft жүйесіндегі ақаудан Германиядағы бассейнде 15 адам хлордан уланып қалды Фото: canva

Германияның Брюль қаласындағы Phantasialand ойын-сауық саябағында орналасқан Ling Bao қонақүйінің бассейнінде 15 адам хлордан уланып қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW басылымына сілтеме жасап. 

Оқиға бассейндегі суды автоматты түрде залалсыздандыру жүйесінің істен шығуынан болған. Соның салдарынан суға шамадан тыс көп хлор қосылған. Бұл туралы ескерту электронды пошта арқылы жіберілгенімен, Microsoft қызметтеріндегі, соның ішінде Outlook пошта жүйесіндегі ауқымды ақауға байланысты хабарламаны ешкім оқымаған.

Оқиғадан кейін қонақүйдің 15 қонағы тыныс алу жолдарының тітіркенуіне шағымданған. Олардың төртеуі ауруханаға жеткізілді. Үшеуі көп ұзамай үйіне жіберілсе, жағдайы ауырлау бір адам дәрігерлердің бақылауында қалды. Бұл туралы Tagesschau басылымы хабарлады.

Оқиғадан кейін қонақүй бассейні уақытша жабылды. Су толық ауыстырылған соң қайта ашылды. Автоматты жүйедегі ақау да жойылды. Microsoft сервистері де қайта жұмыс істей бастады. Дегенмен Германия сарапшылары компанияларды, білім беру мекемелері мен мемлекеттік органдарды цифрлық қызметтердің бір ғана жеткізушісіне тәуелділікті азайтуға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу