Микроқаржылық ұйымдар төленбеген қарызды коллекторларға сата алмайды

156

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады.  

Микроқаржылық ұйымдар төленбеген қарызды коллекторларға сата алмайды Фото: ccloan.ua

Елімізде 2027 жылдың 1 мамырына дейін осындай тыйым салынып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Биыл 19 наурызда қаржы нарығын, соның ішінде микроқаржы секторын одан әрі дамытуға және реттеуге бағытталған заң күшіне енді. 

Азаматтардың құқығын қорғауды күшейту мақсатында лицензиясынан айырылған микроқаржы ұйымдары, сондай-ақ олардың құқықтық мирасқорлары бұдан былай қарыз алушылармен жұмыс істегенде микроқаржы қызметі туралы заңнамада қойылатын талапты сақтауға міндетті.

Ұйымдар азаматтардың тұтынушылық микронесие бойынша берешекті өндіріп алу, сондай-ақ ұйымның осындай берешегі бойынша талап ету құқықтарын лицензиядан айырылғаннан кейін 24 ай ішінде ғана басқаға бере алады. Талап ету құқығы берілуі мүмкін адамдардың тізімі де шектелген.

2026 жылдың 1 шілдесінен бастап жаңа талаптар негізінен қарызға алынған ақшамен жұмыс істейтін микроқаржы ұйымдарына қолданылады. Ал 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап ол барлық басқа микроқаржы ұйымдарына да енгізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу