Миллиардерлердің 50 пайызынан астамы жерасты бункерін сатып алған

868

Миллиардерлердің 50 пайызынан астамы жерасты бункерін сатып алған

АҚШ президенті Дональд Трамп әлемдегі аса маңызды келісім саналатын, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған климатқа қатысты Париж келісімінен шығу туралы жарлыққа қол қойғаннан кейін Атлант мұхитының арғы жағалауындағы аталған елдегі миллионерлер мен миллиардерлер арасында дүрбелең басталды. Бұл туралы slam.kz хабарлайды.

Тарқатып айтқанда, ауа райының күрт құбылмалы тосын мінезінен, болуы ықтимал түрлі табиғи апаттар мен катаклизмдерден, стихиялық апаттардан және ядролық соғыстан, полюстердің жылжуынан, т.б. қауіптеніп, бас сауғалайтын орындар қарастырып жатыр. Жаппай емес, әрине, бірақ, көбісі.  Колорадо, Монтана, Небраска, Нью-Мексико, Солтүстік Дакота, Техас және Вайоминг секілді АҚШ-тың орталық бөлігіндегі штаттар ақырзаманды еске салатын қиын-қыстау кезеңде жан сақтап қалуға қолайлы аймақ ретінде қарастырылған. Яғни, аталған штаттардың аумағы мұхиттан келетін топан судан алыс жатқаны қаперге алынған. Америкалық байлардың бұл штаттарда апат орын ала қалған жағдайда тығылатын жерасты баспаналары салынған.

Байлардың дәулетін шотқа қағып отыратын әлемге әйгілі Forbes мерзімді басылымының келтірген мәліметіне қарағанда, LinkedIn құрылтайшыларының бірі әрі белгілі инвестор Рейд Хоффман The New Yorker ақпарат көзіне берген сұхбатында Кремни жазығының шыққан миллиардерлердің 50 пайызынан асатыны жерасты бункерін сатып алған. Forbes тілшісі Джим Добсонның айтуынша, байлар түрлі апат орын ала қалған жағдайда ғана пайдаланатын жекеменшік ұшақтары да дайын тұр. Ал бункерлерде байлардың автокөліктері, мотоцикілдері, қару-жарағы және электр энергиясын өндіретін дербес генераторлары бар.

Десе де мынаны айта кету керек, миллиардерлер мен миллионерлердің бірде-бірі әзірге ақырзаманға осылай дайындалып жатқанын ел көзінше мойындаған емес. Мысалы, кабелдік және коммуникациялық технология саласында жетістіктерге жетіп, толағай табысқа кенелген Джон Мэлоун, сонымен қатар, аса ірі жер иеленуші де. Оның алты штатта 2,2 млн акр (шамамен 9 мың шаршы шақырым) жері бар. 2011 жылы ол жер сатып алудың астарында қандай да бір себеп жатпағанын, керісінше сол жылдары жер сатып алудың тиімді инвестиция болғанын алға тартқанымен, оның неліктен осынша жерді сатып алғанына келтірген уәжіне ешкім сене қойған жоқ. Тед Тернер есімді медиамагнат Колорадо, Канзас, Монтана, Небраске, Нью-Мексико және Оңтүстік Дакота штатарында 2 млн акр (шамамен 8 мың шаршы шақырым) жерге ие.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу