Министр: 15 жастағы оқушының жүкті болуы оқиғасы бойынша тергеу басталды

149

Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. 

Министр: 15 жастағы оқушының жүкті болуы оқиғасы бойынша тергеу басталды Фото: Мәжіліс

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Ақтөбе және Түркістан облыстарында оқушы қыздардың жүкті болуы оқиғаларына қатысты пікір айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Әрине, бұл өкінішті жағдай. Ерте жүктілік мәселесі бүгінде өзекті проблеманың бірі. Қазіргі кезде мектептерде акушер-гинеколог деген маман жоқ. Сондықтан осыны қайтару бойынша Денсаулық сақтау министрлігімен жүйелі жұмысты бастадық, – деді Жұлдыз Сүлейменова Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Министрдің айтуынша, бұл балалар жайында ақпарат кеңінен тарап кеткеннен кейін, психологиялық ауыр жағдайға душар болған.

–  Қазір оқушының білім алуын ары қарай жалғастыруына жағдай жасауға міндеттіміз. Психологиялық көмек те жасалып жатыр. Тергеу амалдары аяқталмайынша бұдан басқа мәліметті жариялай алмаймыз, – деді ведомство басшысы.

Сонымен қатар ол Түркістан облысында 71 жастағы туысынан жүкті болып, босанған 15 жастағы қыздың жағдайына қатысты тергеу басталғанын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу