Министр 85 мың теңге айлыққа күн көріп жүрген азаматтарға кеңес берді

190

Ол үшін оқу оқып, кәсіби білікті арттыру керек.

Министр 85 мың теңге айлыққа күн көріп жүрген азаматтарға кеңес берді Фото: gov.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова ең төменгі жалақыдан көп тапқысы келетін азаматтарға үндеу тастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілшілер азаматтардың 85 мың теңге айлықтан көп табу үшін не істеуі керек екенін сұрады.

"Біріншіден, оқу керек. Екіншіден, еңбек ету қажет. Әрдайым өз біліктілігіңізді арттырып, жоғары ақы төленетін жұмысқа ауысқан жөн", – деді ол Мәжіліс кулуарында.

Светлана Жақыпованың айтуынша, белгілі бір себептер бойынша, мысалы, бала күтімімен отырған немесе уақытша жұмыссыз қалған азаматтарға мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдау көрсетіледі.

Мұндай азаматтарға арнайы жәрдемақы беріліп, қажет болған жайдайда атаулы әлеуметтік көмек тағайындалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу