Министр АҚШ университеттерінің "Болашақ" тізімінен неге алынғанын айтты

Саясат Нұрбектің сөзінше, қазақстандықтардың рейтингі аса жоғары университеттерге түсуі артқан. 

Министр АҚШ университеттерінің "Болашақ" тізімінен неге алынғанын айтты Фото: Үкімет

Осы орайда, Ғылым және жоғары білім министрі америкалық беделді университеттерінің "Болашақ" тізімінен неліктен алынғанына тоқталып өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– Өкініштісі сол, соңғы бірнеше жылда Бостон, Дейвистегі Калифорния, Оңтүстік Калифорния сынды бірқатар университетке азаматтарымыз көптеп оқуға түсе бастады. Мұның үстіне олар – өте мықты, рейтингтері аса жоғары университеттер. Сондықтан, аталған университеттерге тиісті сұраныс жібердік. Жыл сайын ондаған, ал Бостон университеті жүздеген шақырту хатын жіберу сырын сұрадық. Өйткені, оларға түсу – өте күрделі. Бірақ, көп адам оқуға түседі, – деді ол. 

Үкімет отырысынан кейінгі брифингте Саясат Нұрбек аталған жоғары оқу орындарына түсуге кепілдікті қамтамасыз ететін компаниялар болғанын сөз етті. 

– Біз аталған университеттермен келіссөз жүргізіп, мұндай компанияларды алып тастауды өтіндік. Олай болмаған жағдайда тізімінен шығаратынымызды ескерттік. Өйткені, бізге сапа қажет. Алайда аталған жоғары оқу орындары ымыраға келмегендіктен, осындай шешім қабылдауымызға тура келді, – деді Саясат Нұрбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу