"Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театрында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әлемге танымал, миллиондаған оқырманы бар шетелдік блогерлермен кездесті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Кездесуге белгілі деректі фильм режиссері, саяхат тақырыбындағы жобаларымен әлем жұртшылығына кеңінен танылған Джо Хаттаб қатысты. Ол көрікті жерлерді көрсетумен ғана шектелмей, әр елдің табиғатын, тарихын, тұрмыс-салтын сол жердің қарапайым адамдарының өмірі арқылы әсерлі жеткізуімен ерекшеленеді.
Сондай-ақ жиынға MegaAmerican деген атпен белгілі америкалық блогер Джошуа Платильеро қатысты. Ол саяхат пен табиғат тақырыбындағы бейнематериалдары арқылы әлемнің әр қиырындағы ерекше орындарды, көркем табиғат пен жергілікті мәдениетті кең аудиторияға таныстырып жүр.