Министр Алматыда дәрігерлердің соққыға жығылуына қатысты пікір білдірді

200

Дәрігерлерді ұрып-соғуға қатысты жауапкершілік күшейтілуі мүмкін. 

Министр Алматыда дәрігерлердің соққыға жығылуына қатысты пікір білдірді Фото: Үкімет

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Алматыда дәрігерлердің соққыға жығылуы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әлеуметтік желіде Алматыда емханаға келген әйелдің екі дәрігерді соққыға жыққаны туралы бейнежазба тарады. Министр бұл жағдай медициналық қауымдастықты дүр сілкіндіргенін айтты.

"Осыдан бір ай бұрын ауруы асқынған науқастың туыстары жедел жәрдем қызметкерін реанимациялық шараларды жүргізу кезінде ұрып-соққаны туралы естідік. Гинекологпен болған жағдай да медициналық қоғамды дүр сілкіндірді",  деді ведомство басшысы Мәжіліс кулуарында.

Министрдің сөзінше, дәрігерлерді ұрып-соғуға қатысты жауапкершілікті күшейтетін норма 2025 жылы Қылмыстық кодекске енгізілуі мүмкін. Бұл ұсынысты Бас прокуратура қолдаған. Енді ішкі келісу рәсімдері жүріп жатыр.

"Осы жылдың ішінде Қылмыстық кодекске дәрігерлердің қызметі кезінде олардың денсаулығына қауіп төндіретін әрекеттерді жасаған азаматтарға қатысты жауапкершілікті күшейту туралы бап енгіземіз деп ойлаймын",  деді Ақмарал Әлназарова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу