Оның айтуынша, білім беру ұйымдарында оқушылар мен қызметкерлердің сабаққа қатысуы мен аурушаңдығы күн сайын бақылауда, деп жазады inbusiness.kz сайты.
ЖРВИ және тұмау белгілері бар балаларды анықтау үшін мектептерде таңертеңгі тексеру ұйымдастырылып, температуралық және дезинфекциялық режим қатаң сақталып отыр.
Министр өңір әкімдеріне де нақты түсініктеме берді. Бас санитар дәрігердің 28 тамыздағы қаулысына сәйкес, бастауыш сынып оқушылары арасында ауру деңгейі 30 пайыздан асқан жағдайда қашықтан оқыту режимін енгізуге негіз бар.
Бұған дейін денсаулық сақтау министрі еліміздегі тұмау желтоқсанның ортасына дейін өршиді деген болатын.