Бюджетке кірістер бойынша жоспар 41 млрд теңгеге артық орындалды – Ерұлан Жамаубаев

1340

Алайда корпоративтік табыс салығы, импортқа қосылған құн салығы және шикі мұнайға экспорттық кеден бажы өз деңгейінде болмады.  

Бюджетке кірістер бойынша жоспар 41 млрд теңгеге артық орындалды – Ерұлан Жамаубаев

Мемлекеттік бюджетке 6 трлн 554 млрд теңге сомасында кірістер түсті немесе жоспар 107%-ке орындалды.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Республикалық бюджетке 4,4 трлн теңгеге жуық кірістер түсті немесе жоспар 100,9%-ға орындалды. Кірістер бойынша жоспар 41 млрд теңгеге, оның ішінде салықтар 11 млрд теңгеге, салықтық емес кірістер – 29 млрд теңгеге асыра орындалды", – деді министр. 

Салықтар бойынша жоспардың артық орындалуы ішкі өндіріс тауарларына салынатын қосылған құн салығына байланысты. 

"Жоспардың асыра орындалуы биылғы жылғы 4 айдағы жұмыстарды, қызметтерді және тауарларды өткізу бойынша айналым сомаларының өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға ұлғаюына байланысты", – деп қосты министр. 

Алайда корпоративтік табыс салығы, импортқа қосылған құн салығы және шикі мұнайға экспорттық кеден бажы бойынша жоспар орындалмаған.

"Корпоративтік табыс салығы бойынша жоспар 648 ірі салық төлеуші бойынша аванстық төлемдер сомаларының 48%-ға немесе 46 млрд теңгеге азаюына байланысты орындалмаған. Импортқа қосылған құн салығы бойынша жоспардың орындалмаудың негізгі себебі үшінші елдерден импорттың төмендеуі. Шикі мұнайға экспорттық кеден бажы бойынша жоспардың орындалмауы шикі мұнайға іс жүзіндегі мөлшерлеменің болжамды көрсеткіштен орташа 5,5%-ға немесе шикі мұнайдың баррелі үшін төмендеуіне және теңге бағамының АҚШ долларына шаққанда өзгеруіне байланысты болды", – деп түсіндірді Ерұлан Жамаубаев. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу