banner

Дархан Қыдырәлі Татьяна Костинаның жақындарына көңіл айтты

553

"Казахстанская правда" газетінің бұрынғы бас редакторы Татьяна Костина өмірден озды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Дархан Қыдырәлі Татьяна Костинаның жақындарына көңіл айтты Фото: inform.kz

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі facebook-те жазды.

"Казахстанская правда" газетінің бұрынғы бас редакторы, әріптесім Татьяна Костинаның қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Татьяна Костина саналы ғұмырын журналистиканың өсіп-өркендеуіне арнады. Қарымды қаламгер шеберлігі толысқан білікті маман, адамгершілігі мол адам ретінде лайықты беделге ие еді. Ол "Казахстанская правда" газетінің 15 жылға жуық бас редакторы болып, басылымның дамуына зор үлес қосты.

Оның еңбегі еленіп, әр жылдары "Кұрмет" ордені, "За труд и доблесть" және "Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" медалі, "Нұр Сұңқар" сыйлығымен марапатталды. Татьяна Васильевнаның өмірден өтуі Қазақстанның медиа қауымдастығы үшін ауыр қаза деп білемін", – деп жазды министр.

Татьяна Васильевна Костина – белгілі қазақстандық журналист, "Казахстанская правда" газетінің бас редакторы (2003-2017). Ол 67 жаста еді. Татьяна Костина – "Құрмет" орденінің, "Еңбек ерлігі үшін" медалінің, "Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" медалінің иегері, "Нұр Сұңқар" сыйлығының лауреаты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу