Министр девальвация туралы сұраққа жауап берді

Бюджетті нақтылау кезінде қазіргі бағам белгіленген.  

Министр девальвация туралы сұраққа жауап берді Фото: inform.kz

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет отырысынан кейін тілшілердің "елімізде девальвация болуы мүмкін бе?" деген сұрағына жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Маған жыл басынан бері бұл сұрақты талай рет қойды. Теңге бағамының нығая түскенін көріп отырсыздар. Күрделі кезеңдер өтіп жатқанымызды білесіздер. Теңге әлсіреді, бірақ кейін нығайды. Қазір біз бағамның 466 теңгеден төмен екенін көріп отырмыз, бюджетті нақтылау кезінде біз белгілеген бағам дәл осы меже еді", – деді Әлібек Қуантыров Үкімет отырысынан кейін тілшілер жауабына жауап бере келе.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу