Президент сөгісінен кейін, Көлік министрлігінде тексеріс басталды

398

20 мамырдан бастап Көлік министрлігінде ішкі талдау жұмыстары басталады.

Президент сөгісінен кейін, Көлік министрлігінде тексеріс басталды Фото: canva

Бұл туралы Көлік министрлік хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі 2025 жылғы 20 мамырдан бастап Цифрландыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер департаменттерінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталатыны туралы жұртшылықты хабардар етеді", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 14 мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің көлік-логистика саласын дамыту мәселелері жөніндегі отырысы өтті.

Мемлекет басшысы көлік саласындағы ахуалды сынға алды. Қордаланған проблемалар мен белгіленген межелердің орындалмауы жаңғырту жұмыстарын жүргізуге кедергі келтіріп отыр.

Жиын соңында Президент Көлік министрі Марат Қарабаевқа жұмыс барысында жіберген кемшіліктері үшін сөгіс жариялаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу