Жазғы мектеп 26 мамыр мен 17 маусым аралығында ұйымдастырылады

1180

Министр мектепте оқу жылын аяқтау және емтихандарды өткізу туралы бұйрыққа қол қойды. Бұл туралы Білім және ғылым министрінің өзі хабарлады.

Жазғы мектеп 26 мамыр мен 17 маусым аралығында ұйымдастырылады

"Еліміздің мектептерінде оқу жылын аяқтау және емтихандарды өткізу туралы бұйрыққа қол қойдым. Барлық қазақстандық орта білім беру мекемесі оқу жылын 25 мамырда аяқтайды. Жазғы мектеп 26 мамыр мен 17 маусым аралығында ұйымдастырылады. 9 және 11-сынып оқушылары үшін қорытынды емтихандары бекітілген кестеге сәйкес өткізіледі", – деп жазды Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ал мектеп оқушыларының каникулы әдеттегідей 1 қыркүйекке дейін жалғасады.

Фото: ortalyq.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу