Министр Мұхамедиұлы қазақтың тұңғыш Олимпиада чемпионымен кездесті

1183

Министр Мұхамедиұлы қазақтың тұңғыш Олимпиада чемпионымен кездесті

Әлжан Жармұхамедов астаналық жас баскетболшыларға шеберлік сыныбын өткізді,  деп хабарлайды ratel.kz. 
Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы 1972 жылғы Мюнхен олимпиадасының чемпионы Әлжан Жармұхаметовты қабылдады.
Әлжан Мүсірбекұлы Қазақстанға "Астана" баскетбол клубының арнайы шақыруымен келіп, елордадағы балалар академиясы тəрбиеленушілеріне шеберлік сыныбын өткізіпті. Кездесу барысында министр қазақстандық жас спортшыларға көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдірді.
"Атақты баскетболшының Қазақстан баскетболы туралы бөлісері көп екен. Өз ісінің шебері ретінде Жармұхамедов пікірлерін айтып, маңызды мəселелерді қарастырдық. Кездесу өте қызықты өтті. Қонағымызға естелік сыйлық ұсынып, Аңыз адаммен суретке түстік", - деді министр.
Әлжан Мүсірбекұлы Жармұхамедов қазақтан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы. 1944 жылы 2-қазанда ОҚО, Бостандық ауданы, Табақсай ауылында туған. (Кейінен Бостандық ауданы сол кездегі саясат кесірінен Өзбекстан құрамына өткен) Әлжан Жармұхамедов – Совет одағы баскетболының жарық жұлдызы. КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, олимпиада ойындарының чемпионы, КСРО және Еуропа чемпионы, Қазақ спорт және туризм академиясының Құрметті профессоры. Қазіргі кезде Мәскеуде тұрады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу