Министр рақымшылық кімдерге қолданылмайтынын айтты

359

Әлі тиісті заң қабылданған жоқ. 

Министр рақымшылық кімдерге қолданылмайтынын айтты Фото: sputnik.kz

Рақымшылық азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндірмейтін жекелеген қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамдарға қолданылады деп болжанып отыр. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес рақымшылық туралы Заң қабылданғаннан кейін оны іске асыруға қатысамыз. Ол азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндірмейтін жекелеген қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамдарға қолданылады деп болжануда. Олардың қатарына қауіпті, оның ішінде террористік, экстремистік және сыбайлас жемқорлық сипаттағы, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы және азаптау қылмыстарын жасаған адамдар, сондай-ақ рецидивистер және іздеуде жүргендер жатпайды", – деді Ержан Сәденов.

Оның айтуынша, әкімшілік рақымшылық шеңберінде жеке тұлғалардың орындалмаған айыппұлдарын толық немесе ішінара есептен шығару мәселесін қарау жоспарланып отыр.

"Мұндай адамдардың санаттары, айыппұлдардың мөлшері мен есептен шығару тәртібі заң жобасын әзірлеу барысында уәкілетті органмен толық пысықталатын болады. Ішкі істер министрлігі өз құзыреті шегінде жаңа Конституция нормаларын іске асыру бойынша барлық қажетті шараларды қабылдайды", – деп атап өтті ІІМ басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу