Министр Ресейден мұнай өнімдерін бажсыз жеткізу режимін сақтаудың маңызын айтты

599

Негізгі екі оң әсері бар.

Министр Ресейден мұнай өнімдерін бажсыз жеткізу режимін сақтаудың маңызын айтты Фото: kmg.kz

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Ресейден мұнай өнімдерін бажсыз жеткізу режимін сақтаудың Қазақстан үшін экономикалық артықшылықтарын атады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ресейден мұнай өнімдерін бажсыз жеткізу режимін сақтаудың Қазақстан үшін қандай экономикалық артықшылықтары бар?", – деп сұрады Құрылтай депутаты Марат Себасов.

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов негізі екі оң әсері бар екенін айтты.

"Біріншісі – керек болған кезде біздің ішкі нарығымызды толықтай сапалы мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуі. Осы келісімшарт бізге осындай мүмкіндікті береді. Мысалы, бүгінгі таңда бізде дизель отынында кейбір тапшылықтар болған кезде біз Ресейден керекті көлемдерді алып келеміз.

Екіншіден, әкету кедендік баждарын сақтау мүмкіндігін береді. Осындай келісімшарт екі елдің арасында болмаса, біз осы әкету кедендік баждарын Ресей Федерациясының бюджетіне төлейтін едік. Осы келісімшартпен біз 30 млрд теңгеден асатын ақшаны жылына сақтап отырмыз. Ресейдің бюджетіне төлемей, біз екі елдің арасында осы экономикалық және әлеуметтік қарым-қатынасымызды сақтап, одан әрі арттырып отырмыз", – деді ведомство басшысы.

Айта кету керек, бұған дейін Қазақстан мен Ресей мұнай өнімдерін жеткізу туралы келісім мерзімін ұзартатынын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу