"Өз аяғымен жүріп жүр": Руслан Берденовтің қазіргі жағдайы белгілі болды

441

Оның жағдайы "тұрақты ауыр" деп сипатталады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"Өз аяғымен жүріп жүр": Руслан Берденовтің қазіргі жағдайы белгілі болды Фото: parlam.kz

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында әкімдік ғимараты алдында оқ тиіп жараланған Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің денсаулығына қатысты ақпарат берді.

– Жағдайын "тұрақты ауыр" деп сипаттауға болады. Ол ауруханаға түскен бетте екі хирургиялық бригада төрт сағат бойы шұғыл көмек көрсетті. Ота жасалды, қазіргі таңда жағдайы тұрақты. Өз аяғымен қозғалып жүр, бірақ әлі де дәрігерлердің бақылауында,  деді министр.

Еске салайық, 21 сәуірде Руслан Берденовке қастандық жасалып, ол жарақат алған еді.

Кейінірек, 25 сәуірде шенеунікке оқ атқан күдіктінің әкесі көпшілікке мәлімдеме жасады.

Айта кетейік, Руслан Берденов 2024 жылдың ақпан айының соңында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу