Министр: "Шаруалар мен сауда желілерін байланыстыратын агромаркетплейсті іске қосамыз"

588

Электронды платформаны 2025 жылдың соңына дейін іске қосу жоспарланып отыр.  

Министр: "Шаруалар мен сауда желілерін байланыстыратын агромаркетплейсті іске қосамыз" Фото: primeminister.kz

Үкімет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру үшін қосымша тетіктер енгізіп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің айтуынша, жыл басынан бері мұндай тауарлар бағасының индексі 108%-ды құрады,

Министр көкөніс бойынша оң динамика байқалғанын атап өтті. Тамыздан бері картоп, сәбіз және пияз бағасының өсу қарқыны орта есеппен 2,5 есе төмендеді.

Баға өсіміне ең көп ықпал еткен тауар – сиыр еті. Бұл өнімді бірнеше жыл қатарынан мемлекет реттеп келді, алайда көрші елдерге экспортқа ең тартымды позицияға айналды.

"2024 жылы Қазақстан 11 мың тонна ет экспорттаса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 30 мың тоннаға, ал тірі мал экспорты 10 мың тоннаға жетті", – деп мәлімдеді Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров.

Осыған байланысты Үкімет тірі мал шығаруға тыйым салды, ет экспортына квота енгізді (тек өңдеуші кәсіпорындарға рұқсат) ветеринарлық бақылауды күшейтті.

Сауда министрлігі мен "Қазақтелеком" бірлесіп фермерлерді, сауда желілерін және әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияларды тікелей байланыстыратын агромаркетплейс әзірлеп жатыр. Жоба делдалдарды айналып өтіп, өнімді тікелей жеткізуге бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу