Министр шу шыққан Бағанашылдағы балалар үйіне барады

644

Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.  

Министр шу шыққан Бағанашылдағы балалар үйіне барады Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Бағанашылдағы балалар үйіне барады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ғани Бейсембаев қала басшылығымен бірге балалардың қауіпсіздігі мен тұрмыстық жағдайын қамтамасыз ету, оқу процесінің үздіксіз әрі сапалы ұйымдастырылуын қадағалау мақсатында тиісті жұмыстарды үйлестіреді.

"Қазіргі таңда тәрбиеленушілерге психологиялық қолдау көрсетіліп, әр баланың моральдық-психологиялық күйіне ерекше назар аударылуда. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес толықтай сақталады", – делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Айта кету керек, бұған дейін Президент Тоқаевтың тапсырмасымен Бағанашылдағы балалар үйі Қонаевқа көшірілмейтінін жазған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу