Министр сынып жетекшілерін қуантатын жаңалық айтты

646

Оқу-ағарту министрлігі сынып жетекшілерін қолдау шараларын қарастырады.

Министр сынып жетекшілерін қуантатын жаңалық айтты Фото: ЖИ

Бұл туралы ведомство басшысы Жұлдыз Сүлейменова Құрылтайда өткен брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның айтуынша, бұл бағытта ауқымды талдау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Ең әуелі қанша сағат жүктеме бар екенін есептеуіміз қажет. Бұл жеке пән ретінде енгізілуі немесе басқа тәсіл қарастырылуы мүмкін. Нақты бір шешім туралы айту әлі ерте", – деді Оқу-ағарту министрі.

Сынып жетекшілерінің еңбекақысына қатысты мәселе министрліктің тұрақты бақылауында екені айтылды. Мәселенің шешімі бюджеттің мүмкіндігіне де тікелей байланысты болып отыр.

"Сондықтан әзірге нақты мерзімін айта алмаймын. Дегенмен, Оқу-ағарту министрлігі бұл мәселені жүйелі әрі кешенді түрде пысықтап жатыр", – деді ведомство басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу