Министр ұшақтар мен пойыздарға интернет тарту жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын айтты

327

124 пойыздың 1 500 вагоны интернетпен қамтылған. 

Министр ұшақтар мен пойыздарға интернет тарту жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын айтты Фото: Үкімет

Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев ұшақтар мен пойыздарға интернет қосу жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Министрдің сөзінше, 50 теміржол бағыты бойынша жүретін 124 пойыздың 1 500 вагоны интернетпен қамтылды. 

"7 ұшақ пен 50 туристік нысанды интернетке қосу жұмыстары жалғасып жатыр. Жалпы ұзындығы 4 511 шақырым болатын "Батыс – Шығыс" гипермагистралінің жартысы тартылды. Жыл соңына дейін пайдалануға береміз. Интернетке 370 ауыл қосылды. 12 мыңға жуық шақырым байланыс желісі тартылды", – деді Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында.

Биылғы жоспар – 1 600 ауылды интернетке қосу. 2027 жылы облыстық жəне республикалық маңызы бар 40 мың шақырым автожолды байланыспен қамту жоспарланған. Бұл үшін 500-ден астам антенна-мачталық құрылым орнату көзделіп отыр.

Айта кету керек, бұған дейін Каспий арқылы өтетін суасты интернет кабелі осы айда іске қосылатынын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу