Елордада өтіп жатқан "Тұрақты энергетиканың сын-қатерлерін шешу" атты министрлік конференциясына қатысушылар тұрақты даму және энергетикалық жүйеге көшу жөнінде министрлердің бірлескен мәлімдемесін қабылдады.
Мәлімдемеде энергия жаһандық экономикалық өсімге қол жеткізуде маңызды рөл атқаратыны және экономиканың барлық саласының дамуына негіз болатыны атап өтілген.
"Біз, энергетика министрлері, 2017 жылдың 11 маусымында Астанада тұрақты энергия жүйесіне көшуді жылдамдатуға байланысты мәселелерді қарастыру үшін жиналып отырмыз. Энергия жаһандық экономикалық өсуге қол жеткізуде басты рөл атқарып, экономиканың барлық саласын дамытудың негізін қалайды. Әлемді тұрақты дамыту үшін біздің мемлекетіміз қымбат емес, сенімді, тұрақты және заманауи энерегия көздеріне қол жеткізуді қамтамасыз етіп, энергетика саласында парниктік газдар қалдығы көлемін азайту керек екенін жақсы түсінеміз. Тиімділікті арттыру мен қалдықтарды қысқарту экологиялық мақсаттарға қол жеткізуде өте маңызды. Осы құжатта көрсетілген бастамаларды өзіміздің ұлттық ерекшеліктерімізге сай ілгерілетуге міндеттеме аламыз", - деп құжаттың басқы бөлігін оқыды Қанат Бозымбаев.
Министрлер болашақ энергетикалық қажеттіліктерге, 2030 жылға дейінгі кезеңде тұрақты даму саласындағы күн тәртібіне, оның ішінде энергиялық тиімділік саласында энергетикалық сектордың жалпы көміртегі көлемін қысқарту, метанның ауаға таралуын азайту және энергияға жалпыға ортақ қолжетімділікті қамтамасыз етуде келісілген жақсартуларды ескеріп климаттың өзгеруі жөніндегі Париж келісіміне сәйкес тұрақты энергетика саласында ұлттық жоспарлар әзірлеуді қолдады.
Халықаралық ұйымдар, үкіметтер мен ұлттық реттеуші органдар, азаматтық қоғам мен жеке сектордағы инвесторлар тарапының іс-әрекеті оның көшуін жеделдетуі мүмкін.
"Энергетика нарықтары барлық жүйені жұмыс істету аясында нарықтағы субсидиялардың үйлесімсіздігін жоя отырып, энергия тасымалдаушылар бағасы қалдықтарын қоса алғандағы толық құнды көрсететіндей етіп реформалануы керек. Энергетикалық субсидияларды пайдалану халықтың осал топтарын қорғаудың қолда бар тәсілдерін және одан да басқа тиімді тәсілдерін зерттеу немесе жаңа технологияларды ілгерілету арқылы төмендетілуі мүмкін. Саясаттанушылар экономикалық және экологиялық жағынан тиімді болатын тауар өндіретін энергетика жүйесінен энергетика қызметтерін ұсынатын салаға көшу үшін әрекет жасауы керек", - деп көрсетілген мәлімдемеде.