Министрлік БАҚ-та тараған несиелік рақымшылық туралы ақпаратты жоққа шығарды

896

Таңертең тараған "жақсы жаңалықты" түске қарай ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жоққа шығарды, деп хабарлайды inbusiness.

Министрлік БАҚ-та тараған несиелік рақымшылық туралы ақпаратты жоққа шығарды

Журналистер "Ашық деректер" порталындағы Үкімет қаулысының жобасын дұрыс түсіндірмеген көрінеді. Министрлік осылай түсіндіреді. 

Мемлекет басшысының 2019 жылғы 26 маусымдағы "Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы" Жарлығын (бұдан әрі – Жарлық) орындау үшін "Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайтуға арналған қаражатты пайдаланудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 15 шілдедегі қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) қабылданғаны белгілі. Қаулымен есептен шығару мерзімі 2019 жылғы 13 желтоқсаннан кешіктірілмей белгіленген.

"ҚР азаматтарының борыш жүктемесін үш кезең бойынша азайтылды. Атап айтқанда, 2019 жылдың қыркүйегінде 507,4 мың азаматтың жалпы сомасы 105,2 млрд теңгелік, екінші кезеңде, яғни 2019 жылғы желтоқсанда 46,9 мың азаматтың 9,8 млрд теңгелік, 2020 жылдың сәуір айында жалпы сомасы 5,5 млрд теңгелік 23,4 мың азаматтың қарызы есептен шығарылған. Осыған байланысты, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2020 жылдың І тоқсанында нақты жүргізілген жұмыстарды ескере отырып, есептен шығару мерзімін түзетуді көздейтін қаулыға өзгерістер енгізу туралы" ҚР Үкіметі қаулысының жобасын әзірледі. Бүгінгі күні берешекті есептен шығару бойынша барлық жұмыстар аяқталған. Оларды қайта бастау болжанып отырған жоқ", - делінген министрліктің хабарламасында.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу