Министрлік "Defence Engineering" компаниясына санкция салынғанын растады

383

Алайда компания өз жұмысын 2021 жылы тоқтатқан.

Министрлік "Defence Engineering" компаниясына санкция салынғанын растады Фото: Quasa.io

ҚР Ұлттық экономика министрлігі "Defence Engineering" компаниясын АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасы (OFAC) SDN санкциялар тізіміне расымен енгізгенін хабарлайды, деп жазады Inbusiness.kz.

ҚР Қаржы министрлігінің ақпараты бойынша, кәсіпорын Астанада тіркелген, бірақ қазір ол жұмыс істемейді. Компанияның қызметі 14.02.2021 жылдан бастап тоқтатылған.

Ал ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, аталған кәсіпорынға ерекше тауарларды өткізуге лицензия, рұқсат берілмеген.

"Біз компанияның санкциялар тізіміне енгізілуін Қазақстанның резиденті болып табылмайтын, оның иесі Ашот Мкртычевтің АҚШ санкциясында болуымен байланыстырамыз. Компанияның санкциялар тізіміне енгізілуі техникалық сипаттағы жәйт. Бұл адам 2020 жылғы 7 наурызда ҚР аумағынан кетіп қалған. Одан кейін елге кірмеген", — делінген хабарламада.

"Defence Engineering"-тен басқа, оның басқа юрисдикцияларда тіркелген екі компаниясы да санкцияға іліккен.

"Біз батыстағы әріптестерімізбен үнемі байланыстамыз. Бұл компания бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады", — деп сендірді Ұлттық экономика министрлігінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу