Су ресурстары және ирригация министрлігі Жерасты сулары департаментінің директоры Жайық Ерікұлы Су кодексі саланың алдына осындай міндет қоятынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
— Су кодексінде 7 жыл ішінде айналымды және қайта сумен жабдықтау жүйелеріне кезең-кезеңімен көшу бойынша өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін міндетті талап көзделген. Бұл шара 2030 жылға қарай суды қайта пайдалану үлесін қазіргі 13,1%-дан 28%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді, — деді департамент басшысы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ, ол министрлік қызметкерлері 2 млн оқушыға "Суды үнемде — болашақты сақта" тақырыбымен жалпы республикалық ашық сабақ өткізгенін атап өтті. Осыған ұқсас үгіт-насихат шараларын университеттер мен колледждерде өткізу жоспарланған.