Министрліктер бюджеттің 66 млрд теңгесін игере алмай отыр

1368

Мәдениет және спорт, Цифрлық даму, Инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Ауыл шаруашылығы және Ішкi iстер министрліктері бюджет қаражатын игере алмай отыр. Бұл туралы үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Министрліктер бюджеттің 66 млрд теңгесін игере алмай отыр

Министрдің мәлімдеуінше, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстарының әкімдіктері де қолда бар ақшаны ұқсата алмай отырғандардың қатарында. 

"Мемлекеттік бюджеттің шығысы – 97,5, республикалық бюджеттің шығысы – 99,4, жергілікті бюджеттің шығысы 95,8%-ға атқарылды. Республикалық бюджет бойынша шығыс – 13 трлн теңгені құрады. Атқарылмау – 81 млрд теңге, оның ішінде 15 млрд теңге – үнемдеу. Игерілмегені – 66 млрд теңге. Қаржыны игере алмаудың ірі көлемі Мәдениет және спорт, Цифрлық даму, Инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Ауыл шаруашылығы және Ішкi iстер министрліктерінде қалыптасты", – деді Ерұлан Жамаубаев.

Бұдан кейін министр жергілікті бюджеттің шығысы 8 трлн теңгені құрағанын, оның 327 млрд теңгесі атқарылмағанын айтты. 

"Өңірлерге 2,5 трлн теңге нысаналы трансферт көзделген. 1 қарашада 2 трлн 157 млрд теңге бөлінді. Қаржының  94,2%-ы игерілді. Атқарылмағаны – 124 млрд теңге, үнемделгені – 21 млрд теңге. Игерілмеген бюджет қаражатының басым бөлігі Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Батыс Қазақстан, Түркістан, Алматы облыстарына тиесілі", – деді Қаржы министрі. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу