"Мирный" ЖЭС жобасын қаржыландыру бойынша келісімге қол қойылды

275

Жаңа жобаға "ҚазМұнайГаз" бен TotalEnergies 1,2 млрд доллар инвестиция құяды.  

"Мирный" ЖЭС жобасын қаржыландыру бойынша келісімге қол қойылды Фото: gov.kz

Аталған жоба 2028 жылдың соңына қарай іске қосылып, еліміздің оңтүстік аймақтарын электр жарығымен тұрақты қамтамасыз етуге көмектеседі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қуаты 1 ГВт болатын ЖЭС Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында салынады.

"Самұрық-Қазына", "ҚазМұнайГаз" және "TotalEnergies" компаниялары Жамбыл облысында "Мирный" атты қуатты жел электр станциясын салу үшін 1,2 миллиард доллар инвестиция бөлуге келісті.

Станция тек электр өндіріп қоймай, оны сақтайтын арнайы заманауи жүйемен де жабдықталады. Бұл қадам "ҚазМұнайГаздың" экологияны қорғау және "жасыл" энергияға көшу жоспарының басты бөлігі деп есептеледі, сондай-ақ Жамбыл облысының экономикасына үлкен пайда әкелмек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу