Мирзиёев келесі президенттік сайлауға қатысуы мүмкін

791

Ол 2016 жылдан бері екі мәрте президент болып сайланды. 

Мирзиёев келесі президенттік сайлауға қатысуы мүмкін

2022 жылға жоспарланған Өзбекстан Конституциясын реформалаудың арқасында қазіргі Президент Шавкат Мирзиеев қайтадан сайлауға түсе алады, деп хабарлайды inbusiness.kz Сенаттың вице-спикері Садық Сафаевтың мәлімдемесіне сілтеме жасап.

2016 жылдан бері Мирзиеев екі мәрте президент болып сайланды. Өзбекстанның қазіргі Конституциясы бойынша, бір адамға қатарынан екі мәрте президент болуға тыйым салынған. Конституцияны реформалауды арнайы комиссия қоғамдық талқылаудың көмегімен өткізеді.

"Егер жаңа конституция қабылданса, онда барлық азаматтарға, соның ішінде қазіргі президентке сайлауға қатысуға мүмкіндік береді. Президент бұл құқықты пайдалана ма, жоқ па, ол ең алдымен қазіргі президентке және оны ұсынатын партияға байланысты. Яғни оның құқығы болады деген сөз", – деді Сафаев.

Оның айтуынша, халықаралық шиеленіс жағдайында мемлекеттік реформаларды ұсынған қазіргі президенттің өз бастамаларын толықтай орындауға мүмкіндік болады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу