Мирзиеев Өзбекстандағы президент сайлауында жеңіске жетті

622

Саяси доданың қорытындысы жарияланды.

Мирзиеев Өзбекстандағы президент сайлауында жеңіске жетті

Өзбекстанда 24 қазанда өткен президенттік сайлауда қазіргі Президент Шавкат Мирзиеев 80,12% дауыс жинап, жеңіске жетті, деп хабарлайды Inbusiness.kz елдегі Орталық сайлау комиссиясының басшысы Зайниддин Низамходжаевтың мәлімдемесіне сілтеме жасап. 29 қазанда комиссия дауыс берудің соңғы қорытындысын жариялады.

Либералды-демократиялық партия атынан тартысқа түске Мирзиеевке  12 988 964 адам дауыс берген. 

Комиссияның мәліметі бойынша, сайлауға халықтың 80,4% келген.

Саяси додаға Мирзиеевпен қатар төрт үміткер қатысты: Өзбекстан Халық Демократиялық партиясы Саяси кеңесі басшысының орынбасары Максуда Ворисова, "Миллий тикланиш" демократиялық партиясының  жетекшісі Әлішер Кодиров, экологиялық партияның басшысы Нарзулло Обломурадов және "Адолат" Социал-демократиялық партиясының жетекшісі Бахром Абдухалимов.

Мирзиеев осымен екінші мәрте президент болып сайланып отыр. Бұған дейін ол 2016 жылғы саяси додада жеңіске жетті. Бұл сайлау 1989 жылдан бері елді басқарған Мемлекет басшысы Ислам Каримов қайтыс болғаннан кейін өткен еді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу