Миялы ауылының оқушылары сабақты онлайн оқиды

302

Ертең яғни, 2 сәуірде Миялы орта мектебінің 326 оқушысы сабақты онлайн форматта оқиды.  

Миялы ауылының оқушылары сабақты онлайн оқиды Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Атырау облысындағы Миялы ауылында орналасқан екі мектептің оқушылары сабақты жазғы каникул кезінде оқиды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Атырау облыстық білім басқармасына сілтеме жасап.

Білім басқармасының баспасөз қызметі Қызылқоға ауданының екі мектебіндегі сабақ жазғы каникул кезінде өтетінін хабарлады. 

"Кеше, 31 наурызда Қызылқоға ауданында су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланып, Миялы ауылындағы тұрғындарды ішнара эвакуациялау басталды. Осыған байланысты аудан орталығындағы Ы.Шөреков мектеп-гимназиясы мен Х.Досмұхамедов атындағы орта мектеп ғимараты эвакуациялық пункт ретінде белгіленді. Білім ордасының бірінде 480, ал екіншісінде 948 оқушы бар. Төтенше жағдай кезінде тоқтатылған сабақты жазғы каникул кезінде жалғастырады", - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Ал, ертең, 2 сәуірде Миялы орта мектебінің 326 оқушысы сабақты онлайн форматта оқиды. Тайсойған ауылындағы Ғ.Сланов атындағы орта мектептің оқушылары да сабақты осындай форматта өтпек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу