Мобильді аударымдарға өзгерістер енгізілді

162

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.  

Мобильді аударымдарға өзгерістер енгізілді Фото: fingramota.kz

Қазақстанда 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мобильді ақша аударымдарын бақылаудың жаңа критерийі енгізіледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұған дейін бір ғана талап ескерілген. Нақты айтқанда, бірнеше адамнан қатарынан 3 ай ішінде 100 рет және одан да көп аударым түссе кәсіпкерлік қызмет белгісі болып есептелетін.

Енді оған қосымша тағы бір шарт енгізіледі. Соңғы 3 айдағы жалпы түсім 12 ең төменгі жалақыдан (ЕТЖ) 1 020 000 теңге асcа бақылауға алынады.  

Яғни, сіздің жеке шотыңызға (кәсіпкерлікке арналмаған) қатарынан 3 ай бойы 100 түрлі адамнан ақша түскен болса әрі жалпы сома 12 ең төменгі жалақыдан (ЕТЖ) асса, ондай операциялар кәсіпкерлік кіріс ретінде есептеледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу