Мобильді интернет жылдамдығы жағынан Қазақстан 103-орында

1152

Бір жылда мобильді интернет жылдамдығы 6,6%-ға өскен (секундына 20,15 мегабит). 

Мобильді интернет жылдамдығы жағынан Қазақстан 103-орында

Мобильді интернет жылдамдығы бойынша рейтингте Қазақстан үш орынға көтеріліп, 103-орынды иеленді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ranking.kz-ке сілтеме жасап.

2021 жылдың қаңтарында мобильді интернет бойынша әлемдік рейтингтің көшбасында Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) тұр. Мұнда мобильді интернет жылдамдығы секундына 183,5 мегабит. Үздік бестікке Оңтүстік Корея, Катар, Қытай және Сауд Арабиясы енді.

Қазақстан бұл рейтингте үш орынға көтеріліп, 103-орынды иеленді. Еліміз тізімде жоғары көтерілген үздік 25 мемлекеттің қатарында.

Қазақстанда интернет жылдамдығы бір жылда 6,6%-ға өсіп, секундына 20,15 мегабитке жеткен. Осылайша, Қазақстан мен Қырғызстан Орталық Азиядағы интернет жылдамдығы бойынша көшбасшы елдерге айналды.

Елімізде трафиктің өсуіне қарамастан интернет жылдамдығы артып келеді. Трафик көрсеткіші көптеген қазақстандықтың қашықтан жұмыс жасау, оқуға, видеоконтентті пайдалану есебіне көбейіп отыр. Мысалы, 2020 жылы Beeline трафигі 63%-ға, Kcell – 40,6%-ға, Tele2 – 34%-ға артқан.

Қазақстанда интернетті пайдалануға мүмкіндігі бар мобильді байланыс абоненттерінің саны – 16 миллион. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,8%-ға артық.

Интернетті пайдалануға мүмкіндігі бар абоненттердің үлесі ұялы байланыс абоненттерінің жалпы санының 66,2%-ын алады. 5 жыл бұрын бұл көрсеткіш 35% еді.

Ұялы байланыс абонентінің саны бойынша Beeline көшбасшы: компанияның қызметін 9,7 миллион абонент пайдаланады. Екінші орында Kcell тұр: 8,1 миллион абонент. Үшінші орында Tele2 және Altel: компаниялар 7 миллион абонентке қызмет көрсетеді.

2011 жылы Қазақстанда 3G стандарты енгізілген болатын. Бұл ұялы байланыстың дамуына айтарлықтай серпін берген. 2014 жылы байланыс операторлары 4G / LTE стандарты бойынша қызмет көрсете бастады. 2019 жылы Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында 5G байланыс желісі пилоттық жоба аясынла сынақтан өткізілді. 

Байланыс операторлары қазақстандықтарды жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз ету үшін ауқымды инвестициялық жобаларды іске асыруды жоспарлап отыр.

2020 жылы телекоммуникация нарығында негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 140,9 миллиард теңгеге немесе  37,2%-ға өсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу