"Мобиус" жүйесі алыпсатарларға төтеп бере алмады

904

Темір жол билеттерін алыпсатумен айналысатындарды қатаң жазалау ұсынылды. 

"Мобиус" жүйесі алыпсатарларға төтеп бере алмады

Темір жол билеттерін сататын "Мобиус"  жүйесі алыпсатарларға қатысты мәселені шеше алмады, деп мәлім етті көлік прокруатурасы.   

Бас көлік прокурорының міндетін атқарушы Жасұлан Еламановтың айтуынша, тексерулер тиісті бақылау органдары жұмысында үлкен олқылықтар бар екенін көрсеткен.  

"Проблема бұрыннан бар, өкілетті органдар оны шешуге қатысты шаралар қолданған. 1 шілдеден бастап енгізілген "Мобиус" билет сату жүйесі алыпсатарлықты жоюға тиіс болатын. Алайда тап қазір ондай нәтиже болмай отыр. Алыпсатарлық әлі де бар. Біздің тапсырмамыз бойынша Шымкент вокзалында тексеріс жүргізіліп, бір күнде алты алыпсатар ұсталды. Олардың барлығы ӘҚ кодексінің 449-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілкке тартылды. Тап осындай жағдай Алматы вокзалында да орын алып отыр. Мұның барлығы "Мобиус" жүйесінің сыртында да алыпсатарлықпен айналысуға болатынын көрсетеді. Қазір мәселені анықтап жатырмыз. Алдағы уақытта барлық өкілетті мүдделі органдармен тиісті шаралар қолданамыз", – деді Еламанов индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіндегі отырыста.   

Сондай-ақ ол тексеру нәтижесі бойынша бірқатар лауазымды тұлғалар пара алу үстінде ұсталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылған.    

Ал "Қазақстан темір жолы" АҚ басқармасы төрағасының орынбасары ҚанатӘлмағанбетов алыпсатарларға жекеменшік агенттіктер көмектесетінін айтты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу