Баку әскери сотында Армения азаматтарына қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша бірнеше айыпталушыға үкім оқылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
АЗЕРТАДЖ агенттігінің жазуынша, сот үкіміне сәйкес айыпталушы Араик Арутюнянның өмір бойына бас бостандығы шектелді.
Мемлекеттік айыптауды қолдаған прокурорлар да оны өмір бойына соттауды сұраған болатын.
Армения Республикасының азаматтарына қатысты сот процесі Арменияның әскери агрессиясы салдарынан бейбітшілік пен адамзатқа қарсы қылмыстар, соғыс қылмыстары, оның ішінде агрессиялық соғысты дайындау және жүргізу, геноцид, соғыс заңдары мен әдет-ғұрыптарын бұзу бойынша жалғасқан. Сондай-ақ, терроризм, терроризмді қаржыландыру, билікті күшпен басып алу және оны күшпен ұстап тұру, өзге де көптеген қылмыс бойынша айыптаулар бар.
2022 жылы Арутюнян Украинаның шығысындағы сепаратистерді қолдап, мәлімдеме жасаған еді. Әзербайжандар оны 2023 жылы қолға түсірді.
Мойындалмаған, заңсыз Таулы Қарабақ республикасының 2015-2018 жылдары қорғаныс министрі болған Левон Мнацаканян мен оның орынбасары, генерал-майор Давид Манукян да өмір бойына сотталып отыр.