Мойынты-Сарышаған учаскесіндегі пойыздар қозғалысы толығымен қалпына келтірілді

1056

Жамбыл ЖТ бөлімшесі Мойынты – Сарышаған учаскесінің Новалы станциясында пойыздар қозғалысы толық қалпына келтірілді, деп хабарлады ҚТЖ баспасөз қызметі.

Мойынты-Сарышаған учаскесіндегі пойыздар қозғалысы толығымен қалпына келтірілді Фото: kaztag.info

"Жолдан шығып кету салдарын жоюға үш қалпына келтіру пойызы мен 200 жуық теміржолшы жұмылдырылды. Оқиға орнында "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ның арнайы құрылған комиссиясы жұмыс істеуде. Теміржолшылар тәулік бойы жұмыс істеп, штаттан тыс жағдайдың салдарын жедел жойды. Апаттан бірнеше сағат өткен соң, бір жолмен  пойыздар қозғалысы ашылды", – деп жазылған хабарламада.

Апаттық жағдайға вагонның бүйір рамасының сынуы себеп болған. Тексеру қорытындысы бойынша келтірілген залал үшін өтем кінәлі тарапқа белгіленген тәртіппен талап етілетін болады.

Еске сала кетсек, кеше жоғарыда аталған учаскеде ұн тиелген 12 вагон аударылып қалған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу