"Молодёжный" кенішінде БелАЗ "УАЗ" автокөлігін жаншып өткен

771

Салдарынан "УАЗ" көлігіндегілер – шахтада жұмыс істеген екі ер адам қаза тапты. 

"Молодёжный" кенішінде БелАЗ "УАЗ" автокөлігін жаншып өткен

Зардап шеккендердің бірі 40 жаста, екіншісі 37 жаста, деп хабарлайды inbusiness.kz "Патриот"-телеграм каналына сілтеме жасап.

"УАЗ" көлігінің 1998 жылы туған үшінші жолаушысы ауруханаға жатқызылды. "Ол көптеген жарақат алған, оған барлық қажетті көмек көрсетілуде", – деп дәрігерлер Патриот сауалына жауап берді.   

Құқық қорғау органдары үлкен көліктің жүргізушісі "УАЗ" көлігін қалай көрмей жаншып тастағанын анықтап жатыр.

Сондай-ақ "УАЗ" көлігінің жүргізушісінің қаншалықты тәжірибелі жүргізуші болғанына да тексерілуде.

Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. "Молодежный" кеніші Қарағандының солтүстігінде орналасқан көмір өндіретін ірі кәсіпорын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу