Моңғолия елінде парламент сайлауы өтеді

953

Жарлыққа сәйкес, кезекті сайлау 2024 жылғы 28 маусымда болады. 

Моңғолия елінде парламент сайлауы өтеді Фото: МОНЦАМЭ

2024 жылғы 28 маусымда Моңғолияда парламент сайлауы өтеді. Бұл туралы inbusiness.kz сайты МОНЦАМЭ ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралы кезекті пленарлық отырыста келесі парламент сайлауын 2024 жылы өткізу туралы қаулы жобасын қарастырған болатын.

Осыған сәйкес, демократиялық партия фракциясының жобаны талқылау үшін парламенттен алған үзіліс мерзімі өтіп кеткеніне байланысты, арнайы дауыс беру өткізіліп, қаулы жобасы бекітілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу