Моңғолия құмар ойындарға толығымен тыйым салды

130

Заң жобасы 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енген.

Моңғолия құмар ойындарға толығымен тыйым салды Фото: canva

Моңғолия онлайн-құмар ойындар мен басқа да құмар ойын түрлеріне заңмен толық тыйым салған Азиядағы 22-ші ел болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Заңның мақсаты – құмар ойындарын ұйымдастырушыларға қатаң жауапкершілік жүктеу, азаматтардың қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ақшаны заңсыз айналымға салу мен басқа да қылмыстық әрекеттердің алдын алу.

Мамандандырылған ұйымдар бұл бағыттағы бақылауды күшейтіп, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпараттық науқан жүргізуді бастаған.

Аталған заңнама – ішкі қауіпсіздік саясатына, салауатты әлеуметтік орта қалыптастыру мен экономикалық реттеуге бағытталған кешенді шешім ретінде қабылданған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу