Моңғолия президенті Наурызды қазақ отбасында қарсы алды

1050

Моңғолия президенті Наурызды қазақ отбасында қарсы алды

Моңғолия президенті Цахиагийн Элбэгдорж оқытушы, ғалым ақсақал Қылыш Ақсолтанның үйінде болды, деп хабарлайды ARD ел президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Baq.kz.

Қылыш Ақсолтан Моңғолияда 53 жыл бойы еңбек етіп келеді. Оның 40 жылын Моңғол мемлекеттің университетінің ғылыми қызметкері және экономика факультетінің оқытушысы қызметінде. Соңғы 13 жылын "Моңғол" жоғары оқу орнында оқытушы болып істеді. Қылыш ақсақал мен Аятолхан әжейдің төрт баласы мен 6 немересі бар.

Цахиагийн Элбэгдорж үй иесі мен моңғолиялық барша қазақтарды Наурыз меркесімен құттықтады.

"Көктем мерекесі өрлеуді, теңесу мен бар жақсылықтың келуін сипаттайды", - деді Цахиагийн Элбэгдорж Қылыш ақсақалмен әңгімелесе отырып.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу