Бүгін, 17 қараша күні Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсух тікелей эфир кезінде өз еркімен отставкаға кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жергілікті басылымның мәліметінше, даудың басы Таван – Толгой – Гашуунсухайт теміржол құрылысына арналған мемлекеттік тапсырыстан басталған. Кейбір саясаткерлер осы жоба үшін жалпы сомасы 110 миллион доллар пара алды деген күдік бар. Іс жүзінде Хурэлсухтың бұл іске қатысы бары әлі дәлелденген жоқ.
Сондықтан кеше, 16 қараша күні елдегі оппозиция президент пен осы айып тағылған өзге шенеуніктердің отставкасын талап етті. Бүгінгі тікелей эфир кезінде президент ары таза екенін мәлімдеп, өзінің кінәсіз екенін дәлелдеймін деді.
"Бұл айыптың бәрі жалған екенін дәлелдеу үшін мен қызметімнен кетіп, өзімнің ар-намысымның таза екенін дәлелдеймін", – деді Ухнаагийн Хурэлсух.
Президенттің айтуынша, ол осы уақытқа дейін жағдайды бақылап, үнсіз қалған. Алайда жауапты қызмет атқаратын адам ретінде осындай нақты шешім қабылдаған.