Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсух alem.ai орталығына барды

182

Қонақтарға орталықтың негізгі кеңістіктері көрсетілді. 

Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсух alem.ai орталығына барды Фото: gov.kz

Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсух Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары аясында alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығында болып, еліміздің жасанды интеллект пен инновация саласындағы негізгі цифрлық бастамаларымен және жетістіктерімен танысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Сапар барысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев елдің цифрлық дамуының негізгі бағыттарын, соның ішінде GovTech саласындағы жетістіктерді, жасанды интеллект экожүйесін дамытуды, сондай-ақ кадрлар даярлау мен AI-шешімдерді енгізу бойынша ұлттық бастамаларды таныстырды.

Жасанды интеллектпен танысу Сингулярлық мұражайынан басталды, онда AI-дың XVII ғасырдағы философиялық идеялардан бастап қазіргі нейрондық желілер мен генеративті модельдерге дейінгі эволюциясы ұсынылған. Мәртебелі меймандар AI Cinema залында 180° проекциясы бар алғашқы қазақстандық технологиялық юникорн Higgsfield AI платформасында жасалған контентті тамашалады.

Моңғолия делегациясына сондай-ақ, Astana Hub қатысушыларының жобалары көрсетілді:

  • Smartestprep – мектеп оқушылары мен талапкерлерге халықаралық жоғары оқу орындарына түсуге дайындалуға көмектесетін жасанды интеллект негізіндегі EdTech-стартап.
  • Blink – ұйымдарға арналған, жабық инфрақұрылымда (on-premise) орналастырылатын және компанияның біртұтас "миы" ретінде жұмыс істейтін B2B AI-интеллект.
  • Armeta – PDF форматындағы инженерлік сызбалар мен P&ID схемаларын "оқитын" және оларды есептеулер, сатып алулар мен жобаларды басқару үшін автоматты түрде құрылымдалған деректерге айналдыратын AI-платформа. Ол инженерлердің уақытын айтарлықтай үнемдеп, қателіктер мен материалдардың артық шығынын азайтады.
  • AMAN – балалар мен ересектерге арналған цифрлық және физикалық қауіпсіздік экожүйесі.

Бөлек блок ретінде Astana Hub халықаралық инновациялық кластері қызметінің негізгі бағыттары таныстырылды. Кластердің бас директоры Мағжан Мәдиев технологиялық кәсіпкерлерді қолдауға арналған экожүйенің қалыптасуы және стартаптардың өсуі мен жаһандық нарықтарға шығуы үшін жасалған жағдайлар туралы айтып берді.

Моңғолия Президентінің сапары елдер арасындағы технологиялық ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды қадам болды және Қазақстанның жасанды интеллект пен инновацияларды дамытудың өңірлік орталығы ретіндегі өсіп келе жатқан рөлін айқындады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу