Моңғолиямен бірқатар келісімге қол қойылды

1107

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Қазақстанға ресми сапармен келген Моңғолия премьер-министрі Ухнаагийн Хурэлсухпен келіссөздер өткізді.

Моңғолиямен бірқатар келісімге қол қойылды Фото: primeminister.kz

Келіссөздер қорытындысы бойынша екі елдің үкімет басшыларының қатысуымен бірқатар құжаттарға қол қойылды. Бұл туралы үкімет басшысының ресми сайтында жарияланды.

  • Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасындағы 1993 жылғы 22 қазандағы азаматтық және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімшартқа өзгерістер енгізу туралы хаттамаға; 
  • Терроризмге қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге; 
  • Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі мен Моңғолияның білім, мәдениет және ғылым министрлігі арасындағы білім беру, ғылыми дәрежелер мен атақтар туралы құжаттарды өзара мойындау туралы келісімге; 
  • Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі мен Моңғолияның білім, мәдениет және ғылым министрлігі арасындағы 2008 жылғы 6 тамыздағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға; 
  • Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау комитеті мен бас ветеринарлық басқарма – Моңғолия үкіметінің атқарушы агенттігі арасындағы ветеринарлық бақылау мен қадағалау саласындағы меморандумға;
  • Нұр-Сұлтан қаласы мен Ұлан-Батыр қаласының арасындағы бауырластық қатынастарды орнату туралы келісімге; 
  • Моңғолияның өсімдік шаруашылығы және егіншілік институты мен А. Бараев атындағы ғылыми-өндірістік астық шаруашылығы орталығы арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. 

Моңғолия үкіметі басшысының Қазақстанға ресми сапары аясында екі елдің іскерлік топтары өкілдерінің қатысуымен Қазақстан-Моңғолия бизнес-форумын өткізу, "Астана" халықаралық қаржы орталығы мен Халықаралық жасыл технологиялар орталығына бару жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу