Монополистер 9 млн теңге айыппұл арқалады

715

Олар қазған жерлерін уақытылы жаппағаны үшін жазаланды.

Монополистер 9 млн теңге айыппұл арқалады

Павлодар қаласында жылу маусымы басталмай тұрып коммуналдық қызмет саласында кәсібін дөңгелетіп отырғандар 160 учаскені қалыпқа келтіруі тиіс еді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Бұл жұмысты атқару үшін монополист компанияларға 15 қарашаға дейін уақыт берілді. Алайда олардың барлығы бірдей тиісті жұмысты атқарған жоқ.

"Нәтижесінде осы уақытқа дейін 51 учаске ашық күйінде қалып отыр. Моноплистер ауа райының қолайсыздығына байланысты жұмыстарды уақытылы атқаруға үлгермей қалды. Оның 39-ы "Павлодар жылу желілері", қалған 12-сі "Павлодар-Водоканал" кәсіпорындарына тиесілі", – дейді Павлодар қалалық тұрғын үй инпекциясының бас маманы Темір Қасқабаев.

Жергілікті биліктің талабын орындамай, қазған жерлерді қалыпқа келтірмеген екі монополист компанияға барлығы 9 млн 256 мың теңге айыппұл салынды.

Ажар Дәулетова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу