БҚДА: Монополияны жоюға арналған шаралар қабылдап жатырмыз

1063

Монополия, ел нарығына кіруге қойылған жасанды тосқауыл және клиенттерді "қағаз" бетіндегі делдалдық тізбектерден арылту үшін егжей-тегжейлі талдау жүргізіледі. Бұны Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарлады.

БҚДА: Монополияны жоюға арналған шаралар қабылдап жатырмыз

Ақпарға сүйенсек, бәсекелестікті дамыту жөніндегі жаңа заң шағын және орта бизнеске инфрақұрылым объектілеріне, теңіз порттарына, шикізатқа, "соңғы миля" деп аталатын кәбілдік кәрізге қолжетімділік береді. 

"Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының сатып алуды өткізу тәртібін қайта қарау, жекеше операторлардың қызметін, кірме жолдар операторларының қызметін шектеу, жекешелендіру бойынша ұсыныстарды әзірлеп, мемлекет басшысының қарауына енгізді. Таяу уақытта үкіметпен бірлесіп мұнай және мұнай өнімдері, табиғи газ, электр энергетикасы, көлік, байланыс, құрылыс және телекоммуникациялар нарықтарын монополиясыздандыру бойынша шаралар қабылданатын болады", – деп жазылған агенттіктің баспасөз қызметі таратқан ақпарда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу