Moody's қазақстандық банктер туралы болжамын өзгертті

848

Агенттіктің хабарлауынша, бұл қаржылық институттардың капиталдандыру деңгейін және активтер сапасын жақсарту, сондай-ақ өтімділіктің жоғары болуымен байланысты. 

Moody's қазақстандық банктер туралы болжамын өзгертті

Мудис агенттігі қазақстандық банктер жүйесі туралы болжамын "қалыптыдан" "позитивтіге" өзгертті.

Агенттіктің хабарлауынша, бұл қаржылық институттардың капиталдандыру деңгейін және активтер сапасын жақсарту, сондай-ақ өтімділіктің жоғары болуымен байланысты.

Сарапшылардың болжамы бойынша банктердің кірістілігі келесі 12-18 айда біршама артады. Себебі төмен пайыздық маржаның теріс әсерін комиссиялық табыс ұлғайып, тиімділіктің өсуімен өтеледі. Сонымен қатар, Қазақстан экономикасы 2019-2020 жылдары орташа 3-4 пайыздық қарқынмен өседі.  Ал несие өсімі жылына 10-12 пайыз деңгейінде болады деп күтілуде. 2019 жылы инфляция болса, 5-7% бейімделген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу