Moody's "Tengri Bank-тің" рейтингін төмендетті

807

Банк өзінің негізгі акционері – Punjab National Bank-пен өтімділікке байланысты жағдайды тұрақтандыру үшін барлық қажетті шараларды қолға алғанын хабарлады.

Moody's "Tengri Bank-тің" рейтингін төмендетті

Moody's Investors Service халықаралық рейтингтік агенттігі биылғы жылдың 20 сәуірде "Tengri Bank" акционерлік қоғамының жергілікті және шетел валютасындағы ұзақ мерзімді депозиттік рейтингін B2 деңгейінен Caa3-ке дейін, банктің кредиттік қабілеттілігінің базалық бағасын (BCA) b3-ке дейін, контрагент тәуекелінің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді бағаларын (CRA) Caa2-ге дейін төмендетті. Бұл туралы "Tengri Bank" АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.

Банктің хабарлауынша, "Moody's агенттігінен барлық қаржылық міндеттемелер тұрақты орындалып, жағдай тұрақтанса, рейтинг қайта қаралуы мүмкін екені айтылыпты.

Қазір қаржылық ұйым рейтингінің төмендеуіне қарамастан, жағдайды тұрақтандыру жұмыстарын жалғастыруда.

"Банк әлемдік қаржы нарығында қалыптасқан жағдайға байланысты шектеулі режимде жұмыс істеуде. Бұл банктің клиенттері алдындағы міндеттемелерін орындауына белгілі бір дәрежеде әсер етуде. "Tengri Bank" АҚ елдегі төтенше жағдай кезінде өз қызметін жүзеге асыруда әрі осы мәселелерді реттеушімен және акционерлермен, оның ішінде негізгі акционер – Punjab National Bank-пен өтімділікке байланысты жағдайды тұрақтандыру үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда. Жақында банк барлық процесстерінің үздіксіздігін қамтамасыз ете отырып, операциялық қызметін қалпына келтіруді, төлемдер мен аударымдарды жүргізуді жалғастыруды жоспарлап отыр", – деп мәлімдеді банктің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу