Мопед жүргізушісі полицейді қағып, қашып кеткен

214

Алматыда жол ережесін өрескел бұзып, полицияның заңды бұйрығын орындамаған 20 жастағы мопед жүргізушісі жауапқа тартылды.  

Мопед жүргізушісі полицейді қағып, қашып кеткен Фото: polisia.kz

Жедел іс-шаралар нәтижесінде құқық бұзушы анықталып, дереу ұсталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оқиға Төле би даңғылында орын алған. Күдіктіге қатысты бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық бабы бойынша іс қозғалды, оның ішінде полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны үшін де жауапкершілік қарастырылған.

Сот қаулысымен құқық бұзушы 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

– Бұл – шектен шыққан әрекет. Мұндай жағдайда жазаның бұлтартпастығы қағидасы іске асады. Кейбір жол қозғалысына қатысушылардың салғырттығы, жауапсыздығы немесе агрессиясы қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндірмеуі тиіс. Әр азамат заң талаптарын сақтауға міндетті. Біз мұндай құқық бұзушылықтарға жол бермейміз, – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Бұған дейін мопед айдап жол апатынан қаза тапқан жасөспірім туралы жазған болатынбыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу